Текст
28.10.2026
«Балдырған» бөбекжайы МКҚК-не мемлекеттік аттестаттаудан өтуге дайындық жұмыстары аясында мобильді топ келіп, әдістемелік көмек көрсетті. Мобильді топ мүшелері мектепке дейінгі ұйымның құжаттамаларын жүргізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік кеңестер берді. Кездесу барысында педагогтердің сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік аттестаттауға дайындық жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.